Жылқының түр-түсіне байланысты ерекше атаулар
19.11.2014 07:58
52230
Қазақ халқы төрт түліктің ішінен жылқы малын ерекше қадірлеген халық. Жылқы бойынан басқа халық аңғара бермейтін түр-түсіне қатысты атаулар біздің тілімізде жетерлік. Сол атаулардың бір парасын еске түсіріп көрелік. Бұл жерде қазақтың бұрын-соңғы әдебиетінде кездесетін, сондай-ақ ауызда тараған нұсқаларды ортаға салып отырмыз.
Жылқыны күзеу, жылқының жасына байланысты деректер мына жерде...
Ақ, ақ сары, айран сары, ақ боз, ала, ақ жал;
Шағаладай ақ түсті жылқы осы болар!
Буырыл, боз, бозшұбар;
Боз деген түске осы жылқы лайықты сияқты
Есексұр;
Жирен, жиренала, жібек жал;
Күрең, көк, кер, керторы, күреңала, көкала, көкбурыл, күреңқасқа;
Құла, қара, қаракер, қараторы, құлаторы, қарашұбар, қаракөк, қызылкөк, құлажирен, қарабурал, құлақасқа, қарақасқа, қызыл, қызылқасқа, қаратөбел, қаралаяқ, қарала;
Мақпал қара;
Сары, сары сұр, сұрала;
Торы, тобылғы торы, торыала, торышұбар, торықасқа, торытөбел, торыалаяқ;
Шабдар, шұбар, шаңқан боз;
Жылқы түсіне байланысты тағы да алып-қосарыңыз болса, мақала астына пікір қалдырыңыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақтың дәстүрлі тыйымдары