Жаңалықтар

Жыл соңына дейін 12 көпсалалы орталық аудандық аурухана ашылады

Жыл соңына дейін 12 көпсалалы орталық аудандық аурухана ашылады
Фото: t.me/KZgovernment 29.04.2025 10:25 161

Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының міндеттерінің бірі ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету болып саналады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл міндетті жүзеге асыру мақсатында заманауи 32 көпсалалы орталық аудандық аурухананы (КОАА) пайдалануға беру көзделіп отыр. Қазіргі сәтте 6 аурухананың құрылыс жұмыстары аяқталды.

2025 жылдың соңына дейін тағы 12 КОАА пайдалануға беру жоспарланған. Оған 98 медицина қызметкерлерін даярлап жіберу қарастырылуда. Қалған 14 нысанның құрылыс жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін аяқталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға