Жаңалықтар

Жыл сайын полицияға отбасылық жанжал бойынша 100 мыңнан астам шақыру түседі

Жыл сайын полицияға отбасылық жанжал бойынша 100 мыңнан астам шақыру түседі
Фото: El.kz 26.04.2023 10:21 1110

Ішкі істер министрлігіне қарасты әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров жыл сайын полицияға отбасылық жанжал бойынша 100 мыңнан астам шақыру келіп түсетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Биыл 26 мыңға жуық қорғау нұсқамасы шығарылды. Дебоширлерге қатысты 17,5 мың әкімшілік хаттама сотқа жолданды. Енді сотта тек бір рет татуласуға болады. Белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін 2 мың «отбасылық жанжалқойлар» әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Ренат Зұлқайыров.  

Сондай-ақ енді тергеушілер бейнетіркеуді жүргізу кезінде қысқаша хаттама жасай алады. Тергеу әрекеттерінің бейнежазбалары қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелетін болады. ҚР қылмыстық кодексінің 106 және 107 баптарына «кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділігі бар адамға қатысты іс-әрекет жасау» саралау белгісі енгізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға