Жаңалықтар

Жыл сайын елімізде 12 мыңнан астам өрт дерегі тіркеледі

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты
Жыл сайын елімізде 12 мыңнан астам өрт дерегі тіркеледі
Фото: bilimdinews.kz 14.11.2022 12:19 1659

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Елімізде жыл сайын 12 мыңнан астам өрт шығып, салдарынан 400-ден астам адам қаза табады. Өрттен қаза тапқан адамдардың негізгі үлесі жеке тұрғын үйлерде тіркелді. Қазірдің өзінде республика бойынша 835 өрт тіркеліп, 16 адам қаза тапты. Былтырғы жылмен салыстырғанда өрт саны мен адам өлімі төмендеді», - деді вице-министр.

Жыл сайын жылыту маусымы басталарда республика бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша акция жүргізіледі. Акция барасында халыққа пешті қалай тазарту керектігі және улы газдың алдын алу жолдарын ескертетінін атап өтті.


«Статистикалық деректер бойынша 2022 жылдың 10 айында 9861 өрт саны тіркеліп, 306 адам қаза тапты және 358 адам түрлі жарақат алды. Өрт кезінде қайтыс болғандардың 60 пайызы жұмыссыздар мен зейнеткерлер», - деді Марат Күлдіков.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға