Жаңалықтар

Жыл сайын 400 млн консультативтік-диагностикалық қызмет көрсетіледі

Жыл сайын  400 млн консультативтік-диагностикалық қызмет көрсетіледі
Фото: politic.kz 22.08.2024 13:56 433

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов БАҚ өкілдерімен кездесіп, МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдымен тілшілер қор басшысынан МӘМС-ке қарсы петицияға байланысты ойын сұрады. Әбілқайыр Сқақов петициямен таныс екенін және бұл мәселе бойынша жеке жұмыс тобы құрылып, өкілетті мемлекеттік органдар қарастыратынын жеткізді. МӘМС-тің өзге де санаттарына қатысты тегін медициналық алуға қатысты өзгерістер туралы екі пакет барын айтты.

Біреуі МӘМС пакеті, екеншісі тегін медициналық көмек. Сонің ішінде жалпы 55 пайызы тегін медициналық көмекке көзделген қаражат. Басқа мемлекеттермен салыстыратын болсақ, біздегі тегін медициналық пакет үлкен ірі пакет деп айтуға болады. Ал өзге елдерде тек қана шұғыл медициналық көмекке жүгінгендерге ғана тегін көмек көрсетіледі. Бізде алғашқы медициналық көмектен кейін де көрсетілген медициналық қызметтер бұл тегін медициналық пакеттен қаржыландырылады, – деді Әбілқайыр Сқақов.

Бұдан өзге ол жоғары технологиялық медициналық көмекті қаржыландыру төрт есеге, ал консультациялық-диагностикалық көмек 15 есе ұлғайғанын жеткізді.

Жыл сайын  400 млн консультативтік-диагностикалық қызмет көрсетіледі

сурет: El/kz Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Осы ретте 2020 жылдан бастап бұл бағыттарға жұмсалатын шығыстардың 80%-ы МӘМС түсімдері есебінен жабылады. Осылайша, МӘМС жүйесін енгізудегі басты міндеттердің бірі – пациенттердің басым бөлігіне қымбат медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру шешілуде. Жыл сайын отандастарымызға 400 миллион консультативтік-диагностикалық қызмет көрсетіледі, – деді.

Әбілқайыр Сқақов МӘМС «қаржылық қорғау» қағидатын нақты мысалдармен көрсетті.

Мәселен 33 жастағы әйел санитар болып жұмыс істейді, өткен жылы 33 051 теңге сомасына аударымдар мен жарналар енгізген. Бедеулік бойынша есепте тұрады, балалары жоқ. МӘМС бойынша оған құны 1,16 млн теңгеден астам сомаға ЭКҰ қызметі көрсетілді, жалпы 2023 жылы ол 1,4 млн теңгеден астам сомаға медициналық қызметтер алды. Яғни МӘМС-ке төленген жарналардан 44 есе көп, – дейді қор басшысы.

Әбілқайыр Сқақов ситуациялық-талдамалық орталығын құру қордың ілгері қадам жасауы ғана емес, барлық азаматтарға қарай жасалған қадам екенін атап өтті. Ол сапалы талдау ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге және сайып келгенде медициналық көмек деңгейін арттыруға көмектесетініне сенім білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға