Жаңалықтар

Жыл басынан бері тұрмыстық қалдықтарды төгудің 20-дан астам дерегі анықталды

Жыл басынан бері тұрмыстық қалдықтарды төгудің 20-дан астам дерегі анықталды
Фото: © Polisia.kz 09.09.2023 17:11 903

Еліміздің аумағында сұйық-тұрмыстық қалдықтарды төгуге арналған 200-ге жуық полигон жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алайда ассенизаторлардың кейбір жүргізушілері өз пайдасын ойлап, қоқыс пен нәжісті қалалардың кәріз желілеріне төгеді.

Салдарынан өсімдіктер уланып, кәріз жүйелері бітеліп, ыстық күндері жағымсыз иіс шығарып, тұрғындардың мазасын алады. 

IІМ әкімшілік полиция комитеті қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасы шеңберінде жұртшылықпен тығыз байланыста. Бірлескен жұмыстың арқасында экологиялық құқық бұзушылықтар анықталып жатыр. 

Елордада тұрып, ассенизаторлар нәжісті орталық кәріз жүйелері мен орман алқаптарына ағызып жіберетінін байқай бастадым. Полиция жұмысының сервистік модельге көшуі туралы біліп, ІІМ-ге eOtinish арқылы жүгіндім. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлерімен бірлескен іс-қимылдың арқасында қалдықтарды төгу жәйттерін азайттық. Біз жүргізіп жатқан жұмыс қаланы және экожүйені абаттандыруға оң әсер ететініне сенімдімін, – деді Астана қаласындағы KazEcoPatrol ҚБ филиалының басшысы Нұрбол Тұтанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға