Жаңалықтар

Жыл басынан бері бес ай ішінде Қазақстанда 25 миллиард текше метр газ өндірілді

Жыл басынан бері бес ай ішінде Қазақстанда 25 миллиард текше метр газ өндірілді
Фото: Ашық дереккөзден 09.07.2023 11:52 1081

2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында елімізде табиғи газ өндіру көлемі 24,5 млрд текше метрді құрады. Бұл көрстекіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға артық болып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, ілеспе мұнай газын (метан, пропан, бутан және т.б.) өндіру бір жыл бұрынғыдай 14,5 млрд текше метрге, ал газ тәрізді күйдегі табиғи газ – 10 млрд текше метрге, жылына +1,2%-ға жеткен. Ал ілеспе мұнай газын коммерциялық өндіру 7,5 млрд  текше метрді құраған көрінеді. Сондай-ақ, табиғи газ – 4,1 млрд текше метрді құрады. 

Өңірлер бойынша ағымдағы жылдың алғашқы бес айында өндірістің ең үлкен көлемі мұнайлы Атырау облысына (11,5 млрд текше метр газ, +жылына 2,2%) және Батыс Қазақстан облысына (9,3 млрд текше метр газ) тиесілі. Оның ішінде – газ тәрізді күйдегі табиғи газ 9,29 млрд текше метр (жылына 3,2%).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға