Жаңалықтар

Жыл басынан бері автокөлікте 1700-ден астам өрт болды

11 айда ел аумағында көлікте орын алған 1739 өрт тіркелген
Жыл басынан бері автокөлікте 1700-ден астам өрт болды
Фото: gov.kz 10.12.2022 03:36 1058

Жыл басынан бері автокөлікте 1700-ден астам өрт болды, деп хабарлайды El.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 айда республика бойынша көлікте 1739 өрт тіркелген.

2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттердің 11,6%-ға азайғаны байқалады. Көліктегі өрттердің 95%-ы автомобиль көлігіне тиесілі. Автомобиль көлігіндегі өрттердің негізгі үлесі жеңіл автомобильдерге – 1308 өрт, жүк көліктеріне – 318, автобустарға – 24-і тиесілі, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

ТЖМ көлік құралдарының иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін ескертті.

Көлік құралындағы өрт байқалмай басталады. Сол себепті ол аса қауіпті. Өрттің шыққаны түтіннің иісі сезілген кезде белгілі болады. Үй-жайдағы өртке қарағанда, көліктегі өрт бірнеше есе жылдам таралады. Өрт бірнеше секундтан 2-3 минутқа дейін созылады. Сондықтан мұнда адамның денсаулығы мен өмірі өрт сөндірушілердің іс-әрекетіне емес, азаматтардың көліктегі өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін сақтауына байланысты, - дейді министрлік.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға