Жаңалықтар

Жыл басынан бері 8 мыңға жуық шетелдік дактилоскопиялық тіркеуден өтті

Жыл басынан бері 8 мыңға жуық шетелдік дактилоскопиялық тіркеуден өтті
Фото: © Pixabay.com 13.01.2024 17:16 673

Жыл басынан бері сегіз мыңға жуық шетелдік міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтті. Сонымен қатар құжаттарды әзірлеу кезінде дактилоскопиялық тіркеуден жеті мыңнан астам қазақстандық ерікті түрде өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Саусақ ізін тіркеу – бұл саусақтардың папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат алу. Мұндай тіркеу халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізіледі. Дактилоскопиялық тіркеуден 16 жасқа толған, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алу үшін алғаш рет жүгінген, сондай-ақ құжаттарын ауыстыру үшін жүгінген Қазақстан\

Республикасының азаматтары өз еркімен өте алады. Ал міндетті дактилоскопиялық тіркеуге 16 жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жатады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-1-бабына сәйкес шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың міндетті дактилоскопиялық тіркеуден бас тартуы Қазақстан Республикасы аумағынан шығару түріндегі жазаны көздейді. Бұл рәсім адамның мүдделерін қорғау және оның заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Егер адам құжаттарын жоғалтып алса, саусақ ізін тіркеу оларды қысқа мерзімде қалпына келтіруге көмектеседі.

Сонымен қатар оның көмегімен жеке тұлғаны тез арада анықтау мүмкіндігі бар. Мысалы, оның тиімділігін есте сақтау қабілеті нашар немесе есінен танып қалған азаматты тану кезінде байқауға болады. Қазақстан азаматтарының дактилоскопиялық деректері мемлекет тарапынан қорғалады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға