Жаңалықтар

Жыл басынан бері 545 мың отбасы жәрдемақы алған

Жыл басынан бері 545 мың отбасы жәрдемақы алған
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 24.07.2023 05:18 1212

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 545,7 мың отбасы жалпы сомасы 205,2 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде маусым айында 557,3 мың отбасына 34,9 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасылардағы:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.

Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артқанын атап өтеміз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға