Жаңалықтар

Жыл басынан бері 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Бұл туралы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді
Жыл басынан бері 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Фото: gov.kz 22.10.2022 13:21 1959

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 13 362 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 101,2 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (68,7%) Өзбекстаннан, 10% – ҚХР-дан, 7,9% – Түркіменстаннан, 4,6% – Моңғолиядан және 8,8% - басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,9%), Маңғыстау (16,7%), Түркістан (9%) және Жамбыл (6,5%) облыстарында, сондай-ақ, Астана (7,8%), Шымкент (7,3%) және Алматы (5,8%)қалаларында қоныстанды.

Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 58,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар 27,5% - ды және зейнеткерлер 13,7% - ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 13,2% - ы жоғары білімді, 38,9% - ы арнайы орта білімді, 46% - ы жалпы орта білімді және 1,8% - ының білімі жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға