Жаңалықтар

Жыл басынан бері 12,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Жыл басынан бері 12,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Фото: gov.kz 15.10.2024 11:17 249

Жыл басынан бері 12,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілдідеп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының қарқыны 10,1%-ға дейін артты. Өсімнің жоғары көрсеткіштері Мемлекет басшысының тұрғын үй құрылысы, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысы, сондай-ақ инженерлік желілерді жаңғырту жөніндегі төрт ауқымды бастамасын іске асырудың арқасында қамтамасыз етілді.

Үкімет отырысында ҚР премьер-пинистрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров атап өткендей, оң динамика 18 өңірде тіркелді, бұл ретте құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, сондай-ақ Жетісу және Абай облыстарында байқалады.

Биылғы қаңтар-қыркүйекте 12,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 6,2%-ға артық. Ең жоғары көрсеткіштер Шымкент қаласында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында байқалады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға