Жаңалықтар

Жүздеген адам жауапқа тартылды: Астанада вандализмге қарсы күрес жүріп жатыр

Жүздеген адам жауапқа тартылды: Астанада вандализмге қарсы күрес жүріп жатыр
Фото: Polisia.kz 19.12.2024 22:14 148

Өзгелердің мүлкіне зиян келтірген кезекті вандалдар жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

14 желтоқсанға қараған түні 30 жастағы азамат мас күйінде көліктің терезе тазалағыштарын сындырып, капотын ұрып, майыстырып кеткен. Осылайшп ол 400 мың теңге сомасына материалдық шығын келтірді.

16 желтоқсан күні кешке Мұстафин көшесінде жүрген 32 жастағы ер адам өзге біреудің мүлкіне қасақана зиян келтірді.

ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша тәртіп бұзушылар табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астанада еріктілер, белсенділер, белгілі спортшылар, қала тұрғындары қолдаған «Тоқта, вандал» акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген жағдайын болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.

Жыл басынан бері сот 300-ден астам адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені, жалпы пайдалану орындарын ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.

Вандализмнің алдын алу жұмысы қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға