Жаңалықтар

Журналистиканың бағыты мен бағдары қандай?

Astana Media Week - 2022 медиа апталығында отандық БАҚ-ты дамыту мәселесі талқыланды
Журналистиканың бағыты мен бағдары қандай?
Фото: El.kz 27.10.2022 13:12 2922

Astana Media Week - 2022 медиа апталығы отандық БАҚ-ты заманауи талап-міндеттерге сай дамытудың мәселелерін талқылайтын біріңғай платформаға айналды. Журналистердің кәсіби құзыретінің өзгеруі тақырыбындағы сессияда медиаэтика, медиасауаттылық мәселелері қызу талқыланды, деп хабарлайды El.kz

Германиядан тікелей эфирде Томос Хельм қосылып, журналистиканың трансформациясында серпін беретін жаңа медианың орны және қоғамдағы сенім мәселесін сөз етті.

Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігіт ұзақ жылдық тәжірибесімен бөлісіп:
– Сөздің қасиетін тану, жауапкершіліктің маңызын сезінудің құнын білуіміз керек. Қазір адам адамға сенбейді. Қоғам билікке сенбейді. Бұған ақпарат ағынының тым көп болуы себеп болуда. Отандық журналистерден не күтемін? Парламент қабырғасында белгілі бір заң талқыланып жатқанда журналист ақпаратпен жан-жақты танысып келгені дұрыс. Бастысы, кез келген ақпаратты бергенде ұлттық мүдде тұрғысынан қару керек, – деді.

ҚР Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әбіл Ерлан: "Кәсіби құндылықтармен бірге сыни ойлай қабілетін дамыту маңызды. Оның ішінде журналист коммуникациялық дағдыларды меңгеруі керек", – деді.

"Хабар Арнасының" директоры Жайна Сламбекқызы отандық журналистикада мамандарды дайындауда проблема бар екенін атап, Еуропаның озық тәжірибесіне тоқталды.

Әлем цифрланғанған заманда БАҚ-тың формасы өзгеріп,
- декротиялық құндылықтарға сену;
- аудиториямен кері байланыс;
- ең деген аппаратты сүзіп алу;
- сенімді ақпаратты таңдау;
- стресс жағдайында жұмыс істеудің маңызын айтты.

Әлібек Қисыбай, Асхат Садырбай журналистика саласындағы негізгі мәселелерді ортаға салды. Әсіресе, дерекпен жұмыс істеу, дата журналистиканы дамытудың маңызына тоқталды. Блогсфера мен дәстүрлі медианың аражігін ашып, ақпарат таратуда жауапкершіліктің маңызына тоқталды. Әмбебап журналистерге сұраныс артқанын білдік.

Журналист – ақпаратты алады, сұрыптайды, өндейді, береді.
Блогер – ақпарат алады, береді.
Басты артықшылығы осы!

Спикерлер журналистердің этикалық нормаларын айқындайтын ұстаным, қағида дайындпудың маңызына тоқталды. Сондай-ақ дрон журналистика, дата журналистика және робот журналистиканың ақпарат алудағы орнын атады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға