Жаңалықтар

Журналистерге шабуыл ұйымдастырғандар ұсталды

Журналистерге шабуыл ұйымдастырғандар ұсталды
Фото: El.kz 28.02.2023 12:00 1016

ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырды деп күдік келтірілген топтың іс-әрекетін әшкерелеп, жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Алматыда арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев ұсталды. Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді телеграмм-аккаунттарда «тапсырыстар» беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді», – делінген ІІМ ақпаратында. 

Аталған топ В.Борейкоға, Г.Бажкеноваға, Г.Ерғалиеваға, С.Ибраеваға және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық жасаған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұл жағдайларды назарда ұстайды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға