Жаңалықтар

Журналистерге арналған «Монетарлық саясат» тренингі өтті

Іс-шара Қазақстан Ұлттық банкінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында болды
Журналистерге арналған «Монетарлық саясат» тренингі өтті
Фото: Ажар Лаубаева 18.08.2022 21:20 2531

Ұлттық Банкінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында  семинар-тренинг болды. Жиынға 20-дан астам журналист қатысты, деп хабарлайды El.kz. 

Семинар-тренингті өткізудегі басты мақсат – журналистердің шеберлігін шыңдау, ақша-кредит саясаты жөнінде ақпарат беру. Тренинг мынадай ауқымды тақырыптарды қамтыды:

-        Қазақстан Республикасы Банкінің ақша-кредит саясаты туралы;

-        Қазақстан Республикасының төлем балансы: 2022 жылдың алдын ала қорытындысы;

-        Ұлттық қордағы активтерді басқару;

-        БЖЗҚ Зейнетақы активтерін басқару;

-        Валюта нарығындағы ахуал.

   Журналистерге арналған «Монетарлық саясат» тренингі өтті

Журналистерге арналған «Монетарлық саясат» тренингі өтті

Аталған іс-шараны ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин, ҚР ҰБ төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаев, ҚР ҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов жүргізді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі мақсаты – бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы еліміздің экономикасына үлесін қосу. Қазақстандағы инфляция, яғни бағаның өсуі мен төмендеуі, егер бағаны бір орында тұрақтандарып, қатырып қоятын болса, ол қандай жағдайға жеткізуі мүмкін екені жайлы Рүстем Оразалин тұжырымдама жасап, айтты.

«Бағаны бірқалыпты ұстап тұруға болмайды. Сатушылар мен өндірушілер өз бағытынан айырылады. Елімізде тапшылық тудырып, сөрелердің босап қалу қаупіне дейін жетуі мүмкін. Бір тұрақты, қолайсыз баға өндірушілердің тауар сапасын құртып жіберуіне алып келеді. Нәтижесінде экономикадағы сұраныс пен ұсыныс арасында теңсіздік пайда болады», – деді ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин.

Одан бөлек Қазақстан Ұлттық банкінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы төлем балансының 2022 жылдың алдын ала қорытындыларын болжап көрсетті. Төлем балансы және тауар экспорты мен импорты жөнінде де дәріс оқылды. Журналистер өздерін қызықтырған сауалдарын жарыса қойды. Олардың ішінде «Егер еліміздегі банктерде рубль көбейіп кетсе, онда Қазақстанда оның бағасы түсе ме?» деген сұрақ та бар. Қойылған сауалға ҚР ҰБ төлем балансы департаментінің директоры жауап берді.

«Әрине, ол арзандауы керек. Өйткені біздің валюта нарығымызда, банктік жүйеде қолма-қол ақша көбейген кезде, оны сату қажет болады ғой. Оны өткізгеннен кейін банктерге кіріс кіреді», – ҚР ҰБ төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаев.

Дәріс оқылғаннан кейін тілшілердің білімін тексеру барысында оларды топ-топқа бөліп, 7 кезеңнен тұратын конкурс өткізді. Әр кезеңде экономика, қаржы сауаттылығы жөнінде бірнеше сұрақтар қойылып, әр топтың ұпайын балл арқылы есептеп отырды. Тренинг соңында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ұйымдастырушылары журналистердің ішінен жеңімпаздарды анықтап, оларды сертификатпен марапаттап түрлі сыйлықтарды ұсынды.

   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға