Жаңалықтар

Журналистердің мүддесі мен құқықтарын қорғау тетіктері күшейтілген - Тоқаев

Журналистердің мүддесі мен құқықтарын қорғау тетіктері күшейтілген - Тоқаев
Фото: Ақорда 27.06.2024 12:16 548

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Ертең Парламенттің кезекті сессиясы аяқталады. Депутаттар маңызды оқиғалардың бел ортасында жүр. Сайлаушылармен тығыз жұмыс істеп жатыр. Олар өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамдық пікірталасқа ұйытқы болып отыр. Халыққа қажет заңдарды қабылдау жөнінде бастамалар көтеруде, - дейді Мемлекет басшысы.

Осы сессияның өзінде елдің дамуына тікелей ықпал ететін 100-ден астам заң қабылданғанын атап өтті.

Өздеріңізге мәлім, жуырда мен «Масс-медиа туралы» заңға қол қойдым. Өте маңызды құжат. Журналистердің мүддесі мен құқықтарын қорғау тетіктері күшейтілген деп айтуға болады. Бұл құжат еліміздегі масс-медианың әлеуетін арттыра түседі деп ойлаймын. Сондай-ақ ақпараттық дербестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді, - дейді Президент.

Мемлекет басшысы медиа саласы мамандарының осы жолдағы қажырлы еңбектері үшін шынайы ризашылығымды білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға