Жаңалықтар

Журналистер мен блогерлерге қатысты қылмыс жасады деген 18 адам ұсталды

Журналистер мен блогерлерге қатысты қылмыс жасады деген 18 адам ұсталды
Фото: pixabay.com 21.02.2023 21:46 1138

Соңғы 6 айда журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекеттер жасағаны үшін 18 адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ІІМ-не сілтеме жасап.

2022 жылғы қыркүйектен бастап биылғы 20 ақпанға дейін Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ 1 адамға қатысты олардың қызметімен байланысты бірқатар құқыққа қарсы әрекеттер жасалған.

«Жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автокөліктерді өртеу, оларға әртүрлі заттарды жөнелту арқылы қорқыту фактілері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар және Интернет желісінде дербес деректерін тарату фактілері жасалды. Осы қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК 115 «Қауіп», 147 «Жеке өміріне қатысты мәліметтерді тарату», 158 «Журналистік қызметке кедергі жасау», 202 «Бөтеннің мүлкін қасақана жою», 293 «Бұзақылық» баптары бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды. Бұған қатысы бар 18 адам ұсталды», - делінген хабарламада.

Дәлелдемелік базаны нығайту бойынша қажетті тергеу-жедел іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға