Жаңалықтар

Журналистер күніне орай Астанада арнайы көрме ашылды

Журналистер күніне орай Астанада арнайы көрме ашылды
Фото: facebool.com/darhan qydyráli 28.06.2023 10:19 965
БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі күні қарсаңында Астанадағы Ұлттық музейде қазақ журналистикасына арналған көрмесі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Бұл туралы еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жазба жариялады.
Бүгін мереке қарсаңында Ұлттық музейде қазақ журналистикасының тарихына арналған көрме ашылып отыр. Жаңа көрмеде қазақ баспасөзінің шежіресін баяндайтын тарихи жәдігерлер мен құнды деректер топтастырылған. Бастауын Алаш қайраткерлерінен алатын қазақ журналистикасы өзінің қалыптасу кезеңінен бүгінге дейін қашанда ұлттың ұраншысы, елдік сананың сәулетшісі бола білді. Бүгінде «Мылтықсыз майдан» аталатын ақпараттық әлемде журналистеріміз ел мүддесі жолында қажырлы қызмет атқарып, жақсылықтың жаршысы болып, абыройлы еңбек етіп келе жатқаны баршаға мәлім. Мәдениет министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған көрмеге арнайы келген ардагер аға-апаларымызға, журналистер мен зиялы қауым өкілдеріне ризашылық білдіремін, - деді Дархан Қыдырәлі.  
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға