Журналист "Масс-медиа туралы" жаңа заңға пікір білдірді
Фото: facebook
Фото: facebook
15.02.2023 11:52
1566
Журналистерге арналған "БАҚ туралы" заң өзгеріп, "Масс-медиа туралы" жаңа заң қабылдануына байланысты журналист Сәуле Әбілдаханқызы әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Журналистерге арналған "БАҚ туралы" заң өзгеріп, "Масс-медиа туралы" жаңа заң қабылданбақ. Әдетте жан-жақтан жапа-тармағай шулайтын журналистер өздері туралы заң жобасын талқылауда пассив сияқты. Бірен-саран әріптестер болмаса, көбі әліптің артын бағып отыр ма, қайдам...Жаңа заң жобасының толық нұсқасымен танысқандар бар ма? Не өзгермек, не білгендеріңіз бар?
Сонымен қатар журналист жаңа заңның кейбір пункттеріне көзі ашылғандығын жазды.
Мына тұстарын көргенде, "е, дұрыс екен" деп қойдым. Ұзынсонар сөйлемдерден менің түсінгенім:
- Газет-журналдардың қаралымы мен таралымы төмен болса да, баспа басылымдары әркез өзектілігі мен қажеттілігін жоймайды, сондықтан баспа басылымдарын мемлекет тарапынан субсидиялау мәселесі жолға қойылады екен. Студенттерге бір басылымға тегін жазылуға жол ашады. Яғни, пошта операторы өз порталында орналастырылған каталогтан студенттерге өздері қалаған бір газетті бір жылға тегін жазып береді. Болашақта мектеп оқушыларын да баспасөзге тегін жазу механизмдері қарастырылады екен."Францияда 2009 жылы он сегіз жастағы азаматтарға арналған кез-келген газетке тегін жазылымдарды субсидиялау басталды. Бұл шара баспа БАҚ үшін айтарлықтай қолдау болды, сонымен қатар француз газеттерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға түрткі болды", деп жазды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Осы жылы үш визит - орталықтың құрылысы аяқталады
Келесі жаңалық
Үйлену жағынан көш басында тұрған қала анықталды