Жаңалықтар

Жүргізушіге арналған пайдалы кеңестер

Жанармайдың сапасын білетін қарапайым тәсіл бар
Жүргізушіге арналған пайдалы кеңестер
29.03.2017 16:48 10709

1. Жанармайдың сапасын білетін қарапайым тәсіл

Жанармайдың сапасын білетін қарапайым тәсіл бар. Бұл әдісті көп адам біле бермейді. Осы әдістен хабары барлар үшін танымайтын жанармай бекетіне келгенде қателеспеуге көмектеседі. Ол үшін ақ қағазға бір тамшы жанармай тамызыңыз. Енді оның ауаға сіңіп кеткенін күтіңіз. Егер ақ қағаздың бетінде көзге байқалмайтын ғана дақ қалса, жанармайдың сапасы жақсы деген сөз. Ал егер майлы қара дақ қалған болса, онда ол жерден көлігіңізге жанармай құймағаныңыз дұрыс. Себебеі, оның құрамында солярка, ауыр темір қоспалары және шайыр болуы мүмкін.

2. Үнемдеудің пайдасы немесе қыстың қамын жазда ойла!

Дүкендерде суыққа төзімді тазартқыш сулардың құны мың теңгеден басталады. Қымбат болса да суық мезгілде өте пайдалы нәрсе екені көпшілікке белгілі. Өйткені қарапайым су қатып қалады. Егер мұндай сұйықтық сатып алған болсаңыз, барлығын құйып тастауға асықпаңыз. Бөтелкедегі сұйықтықтың төрттен бірін қалдырып қойыңыз. Өйткені көлігіңіздегі су қай уақытта таусылатынын болжау қиын. Әдетте біз машинаның көрсеткен белгілеріне көп назар аудара бермейміз. Ал, ауа-райының қатты бұзылып, ұзақ жолда қалған кезіңізде, сақтап қойған сұйықтық көп көмегін тигізуі мүмкін.  

3. Қоқыс салатын жәшік

Көлігіңіз айналдырған екі-үш күннің ішінде қоқысқа толып кете ме? Кішкентай балаларыңыздан қалған кәмпиттердің қағазын жинаудан шаршадыңыз ба? Ендеше,  көлігіңізге кішкентай қоқыс жәшігін қойып қойыңыз. Бір-екі аптадан кейін бұл пайдалы жәшіксіз машинаңызды елестете алмастай боласыз. Оның үстіне, мұндай жәшігіңіз болса, көшеге қоқыс тастаудың қажеті де болмай қалады. 

4. Резенке қыздарға ғана емес...

Көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефонға алаңдауға болмайтыны бәріне белгілі. Дегенмен егер өте тығыз жағдаймен көлік жүргізу барысында ұялы телефоныңызға үңілу керек болса, жел шығатын пешке резенке салып қойыңыз. Бұл сізге таныс емес аймаққа барған уақытта, картаға қарап отыруға да көмектеседі.

5. Терезеңіз буланып кете берсе...

Автокөлік терезесі буланып кете береді. Бұл көп жүргізушіге көлікті басқаруға кедергі келтіреді. Егер бұл проблемадан біржолата құтылғыларыңыз келсе, сізге ас үйіңіздегі картоп көмекке келеді. Картопты бірнеше бөлікке кесіп, ішкі жағымен терезеңізді сүртіп шығыңыз. Дәл осы әдісті пайдалана отырып көзілдірігіңізді суыққа шығар алдын сүртсеңіз болады. Бұл әдістің кері жағы да бар екенін айта кеткен дұрыс. Картоппен сүрткен терезе күн сәулесінің өтуіне кедергі жасауы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға