«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: Алматыда халықты алдаған ер адам ұсталды
Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
26.04.2023 11:15
715
Жүргізуші куәлігін 100-300 мың теңгеден саудалаған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция басқармасына бес жәбірленуші арызданған. Алаяқ жүргізуші куәлігін рәсімдеу үшін көмек көрсететінін айтқан күдікті ұсталды.
Күдікті «қызметі» үшін 100-300 мың теңгеге дейін алдын ала төлем сұраған 26 жастағы Ж. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс тіркелді, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырау қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Келесі жаңалық
Қарағанды облысының шаруалары су шығынын азайтуға ниетті