«Жүрегіме ауыр тиеді»: жақында ғана үйленген Заңғар Нұртас хейтерлерге жауап берді
Фото: instagram.com/zangaar
Фото: instagram.com/zangaar
03.11.2023 15:32
3195
Әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар әлеуметтік желіде өзіне қарата айтылған сынға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жақында ғана шаңырақ көтерген Заңғардың айтуынша, кейбір оқырмандары жақсы тілек тілеудің орнына сынды көп айтады екен.
Кейбір оқырманым маған ұстамдырақ болуға кеңес береді. «Ер азамат емессің бе» дейді. Мен үйдің кенжесімін, еркемін, енді үйімізге Индира келді, бұдан былай сол еркелейді. Дей тұрғанмен тым ұстамды болып, салқын амандассам, күлмесем, онда әлеуметтік желідегі парақшам қызық бола ма? Маған ондай ауыр сөздер айтпаңыздар, жүрегіме ауыр тиеді. Күлу, әзілдей білу де өнер ғой, – деді Заңғар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға