Жаңалықтар

Жүре пайда болған иммун тапшылығынан қаза табатындар саны 1,7 есе төмендеді - Ажар Ғиният

Жүре пайда болған иммун тапшылығынан қаза табатындар саны 1,7 есе төмендеді - Ажар Ғиният
Фото: t.me/KZgovernment 30.05.2023 13:28 826

Қазақстанда соңғы 10 жылдың ішінде адамның иммун тапшылығы вирус инфекциясын жұқтырғандар саны 2 есеге артты. Ал жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 1,7 есеге төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандар медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде және адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясының профилактикасы жөніндегі 20 орталықта медициналық көмек ала алады. 

АИТВ жұқтырған пациенттер мен халықтың негізгі топтары үшін қолжетімділікті жақсарту жөніндегі жүйелі тәсілдердің нәтижесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік препараттар тізімін 12-ден 16-ға дейін кеңейтуге мүмкіндік туды. 

Қоғамда осы инфекцияны жұқтырғандар мен халықтың негізгі топтарына қатысты стигма мен кемсітушілік сақталуда. Үкіметтік емес ұйымдардың халықтың негізгі топтары арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы үшін әлеуеті жеткіліксіз пайдаланылады, ал олар эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруда және АИТВ инфекциясының жаңа жағдайларын анықтауда маңызды рөл атқарады, - деді Ажар Ғиният.

2022 жылдың соңында Қазақстанда АИТВ-мен ауыратын 30 558-ден астам адам өмір сүрді. 2022 жылы 3877-ге жуық жаңа жағдай тіркелді, еркектер әйелдерге қарағанда 2 есе көп.  82%-ы 18-49 жас аралығындағы еңбекке қабілетті халыққа тиесілі.  Жыныстық жолмен берілу басым және 75%-ды, содан кейін инъекциялық жолмен берілу  20%-ды құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға