Жаңалықтар

Жұқпалы аурулар мен инфекциялар: Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады

Жұқпалы аурулар мен инфекциялар: Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады
Фото: El.kz 08.04.2024 11:21 922

Денсаулық сақтау министрлігі су тасқыны кезінде эпидемиологиялық жағдайды ерекше бақылауда ұстайды. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭҚ) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда су тасқынына тән инфекциялар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады.

Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында СЭҚ ауыз сумен қамтамасыз етуді бақылауды күшейтті. Су тасқыны басталғалы бері 4 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынып, санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша тексерілді.

Судың сапасы мен қауіпсіздігіне зертханалық бақылау нәтижелері бойынша жұқпалы аурулардың су арқылы таралу қаупі жоқ.

Су тасқыны кезінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу және су басқан учаскелерде аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету үшін өңірлерге Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары жіберілді.

Өңірлерде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. 

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында мыналарды ұсынады:

1.⁠ ⁠Ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз;

2.⁠ ⁠Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз;

3.⁠ ⁠Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен су тасқыны үшін қол жетпейтін жерлерде сақтаңыз;

4.⁠ ⁠Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендеуден, тамақ дайындаудан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз;

5.⁠ ⁠Су тасқынынан кейін барлық бөлмелерді дезинфекциялық ерітінділермен өңдеңіз;

6.⁠ ⁠Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), бұл туралы дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға