Жаңалықтар

Жұмыссыз қалған қазақстандықтар төлемақы қалай алады

Жұмыссыз қалған қазақстандықтар төлемақы қалай алады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 20.05.2024 16:51 595

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 143,3 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 89 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 25 млрд теңге болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство жұмыстан айырылған азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты бір айдан алты айға дейін жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер ала алатынын еске салды. Төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) қаражаты есебінен жоғалған табыстың 45% - на дейінгі мөлшерде жүзеге асырылады.

Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем алу үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациялану;
  • «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
  • онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
  • бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі – МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады).

Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға