Жаңалықтар

Жұмысшы пойыз астына түсіп мерт болды

Жұмысшы пойыз астына түсіп мерт болды
Фото: © iStock 16.01.2024 09:35 975

«Шұбаркөл Көмір» АҚ ішкі теміржол желісінің бағыттау бекетінің кезекшісі беймәлім жағдайда пойыз астына түсіп қалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Компанияның баспасөз қызметінің өкілдері кәсіпорынның ішкі теміржол желісінде қызметкердің өліміне әкеп соқтырған жазатайым оқиға болғанын хабарлады. Жұмыс кезінде бағыттау бекетінің кезекшісі бос вагондардың астына түсіп кеткен. 

Болған оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу басталды.

«Шұбаркөл Көмір» компаниясы қайтыс болған жұмысшының отбасына қажетті көмек көрсететінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға