Жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтарының жағымды имиджін қалыптастыру мәселесі талқыланды

Жұмысшы мамандықтарының жағымды имиджін қалыптастыру мәселесі талқыланды
Фото: Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі 12.02.2025 13:32 111

«Қарағанды тау-кен индустриалдық» колледжінде «Менің мамандығым – менің болашағым» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Айта кету керек, 2025 жылы Қазақстан Республикасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» ауқымды бастамасы іске асырылмақ ниетте.

Мақсаты - жұмысшы мамандықтарының беделі мен маңызын арттырып, жастарды өндірістік салада оқуға және жұмысқа орналасуға тарту. Жұмысшы мамандықтар жылында кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін жаңғырту, оқу орындары мен кәсіпорындар арасындағы әріптестікті дамыту, сондай-ақ жұмысшы кадрлардың біліктілігін арттыру ынталандырылады деп күтілуде. Колледж қазіргі жастар үшін жұмысшы мамандықтарының тартымдылығын, кәсіптік бағдарлау жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Колледжде «Жұмысшы мамандықтар жылына» орайластырылып, сұқбат түрінде «Өз ісінің шебері» атты іс-шара өтті. Шара бірінші курс студенттерін колледж педагогтарымен таныстыруға, жұмысшы мамандықтарының маңызы мен беделіне назар аударуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасы мен қоғамын дамытудағы білікті мамандардың рөлін баса көрсетуге бағытталды.

Жұмысшы мамандықтарының жағымды имиджін қалыптастыру мәселесі талқыланды

Фото: Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі

Жұмысшы мамандықтарының жағымды имиджін қалыптастыру мәселесі талқыланды

Фото: Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі

Кездесуге 30 адам қатысты: студенттер, өндірістік оқыту шеберлері және арнайы пәндер оқытушылары.

Шара барысында спикерлер төмендегідей өзекті тақырыптарды қозғады:

- жұмысшы кәсіптерінің экономика және әлеуметтік сала үшін маңызы;

- жұмысшы мамандықтарының беделі және білім беру мекемелерінің олардың танымалдылығын арттырудағы рөлі;

- білікті мамандарға қойылатын қазіргі заманғы талаптар және еңбек нарығындағы үрдістер;

- жастар үшін жұмыс мамандығын алудағы перспективалар мен мүмкіндіктер;

-  тәжірибелік оқыту және оның мамандарды даярлаудағы басымдығы.

Ержан Смойлов пен Еділ Шетенов сияқты «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлері өздерінің кәсіби қызметі туралы айтып, жұмысшы мамандығының маңыздылығын атап өтті.

Арнайы пәндер оқытушысы Елена Птицина мен «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Алданыш Сулейменова өздерінің кәсіби қызметтерінің қалыптасуы және ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқыту туралы айтып берді.

Кездесу барысында жұмысшы мамандықтарының өңір экономикасы үшін маңызы, білікті мамандарға қойылатын заманауи талаптар және колледж түлектері үшін жұмысқа орналасу перспективалары қозғалды.

Ұйымдастырушылар осындай іс-шараларды өткізудің, жұмысшы мамандықтарының жағымды имиджін қалыптастыру және талантты жастарды техникалық білім беру саласына тартудың артықшылығын баяндап берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға