Жаңалықтар

«Жұмысқа тұру үшін 2 млн теңге сұрайды». Мұғалім министрге шағымданды

«Жұмысқа тұру үшін 2 млн теңге сұрайды». Мұғалім министрге шағымданды
Фото: Коллаж El.kz 16.08.2024 10:32 8989

Астанада өткен жас ұстаздар форумында ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа білім беру саласында жемқорлыққа байланысты шағым түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шағымданушы ұстаз қазір Ақмола облысында педагог болып жұмыс істейтінін мәлімдеді, себебі «Жамбыл облысында жұмысқа орналасу үшін ақы төлеуі керек».

Қазір жұмысқа тұру үшін кем дегенде бір миллион теңге немесе тіпті 1,5-2 млн теңге сұрайды. Оңтүстік өңірлерде сыбайлас жемқорлық өршіп тұр, - деді жас ұстаз.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір қазақстандықтың міндеті екенін айтты. Ол мұндай жағдайларды тексеретінін мәлімдеді.

Педагог Жамбыл облысының қай ауданында осылай ақша сұрап жатқанын нақтыламады. Жеке хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтаймыз, - деп жауап берді министр форум аяқталған соң қойылған журналистердің сұрағына.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға