Жаңалықтар

Жұмыс шаш етектен – Ерлан Қошанов

Жұмыс шаш етектен – Ерлан Қошанов
Фото: "Аманат" партиясының баспасөз қызметінен 12.03.2025 15:07 155

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов халықтың мұң-мұқтажын Үкіметпен бірлесіп шешуді жалғастыра беретінін алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спикер ауыл-аймақтағы тұрғындардың аманат етіп тапсырған мәселелері біртіндеп шешіліп жатқанын да тілге тиек етті. Зиянды өндірісте жұмыс істейтін адамдардың жағдайы, онкологиялық ауруларға скринингтің қолжетімділігі, балабақша тапшылығы секілді көптеген өтініш оң шешімін тапқан. Сөйте тұра Қошанов жұмыс әлі де көп екенін еске салды.

Жұмыс шаш етектен. Мәселен, моноқалаларды дамыту жайы да назардан қалып қоймауы керек. Жергілікті маңызы бар жолдар, медициналық сақтандыру, жұмыспен қамту, баға өсімі, кибералаяқтық, баспана қолжетімділігі, интернеттің сапасы, тағы да сол сияқты мәселелер бар. Мемлекеттік органдар оларды дереу шешу қажет, шара қолдану керек, - деді Мәжіліс төрағасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға