Кеше, 18:30

«Жұмыс істеу ыңғайлана түсті»: Үкіметте уақыт белдеуіне қатысты мониторинг баяндалды

Елімізде бірыңғай уақыт белдеуінің енгізілгеніне 1 жыл уақыт өтті. Осы аралықта сауда және интеграция министрлігі кешенді зерттеу жүргізіп, нәтижесімен бөлісті. Осылайша, Үкіметте бірыңғай уақыт белдеуінің ел денсаулығына, энергия тұтыну мен еңбек өнімділігіне әсері туралы баяндалды. Соңғы жылы қоғам арасында қызу талқыға түскен мониторингке медицина, нейроғылым, биофизика, генетика, астрофизика, физиология секілді іргелі ғылым өкілдері үн қосқан. 40-тан астам метрика мен көрсеткіштерді қамтитын уақыт белдеуінің өзгеруі бұдан бөлек, оқушылардың үлгеріміне, жол көлік оқиғалары көрсеткішіне, қылмысқа және басқа аспектілерге әсерін бағалау бойынша зерттеу әдістемесі бекітілді. Министр Арман Шаққалиев уақыт ауысқан бір жыл ішінде халықтың өмірі мен тұрмысында ешқандай теріс өзгеріс болмағанын алға тартты. Оның айтуынша, жұмыс кезінде деректерді зерттеу, сауалнама нәтижелері мен уақыт белдеуі өзгеруіне дейінгі және кейінгі көрсеткіштерді салыстыратын кешенді тәсіл қолданылған.Министрлік жүргізген сараптамалық жұмыстарға сәйкес бірыңғай уақыт белдеуінің халықтың денсаулығына негативті әсері жоқ екені, аймақтардағы энергожүйе артық жүктемені оңай еңсергені, халықтың жұмыс барысындағы келіп-кетуі мен еңбек өнімділігінде айтарлықтай кемшіліктер болмағаны анықталып отыр.

 

Бөлісу: