Жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтарының саны 8,7%-ға өсті
Фото: naryk.kz
Фото: naryk.kz
18.01.2023 18:44
950
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарының тіркелген субъектілерінің саны 248 602 бірлікті құрады, оның ішінде 240 720 – жұмыс істеп тұрғандар, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2021 жылмен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған қожалықтардың саны 8,7%-ға өскен.
Шаруа немесе фермер қожалықтарының ең көп саны Түркістан облысында тіркелген – 74 355 бірлік. Одан кейін Алматы (27 961) және Жамбыл (23 780) облыстары.
Шағын және орта бизнес құрылымындағы жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтарының үлесі 13,2 пайызды құрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға