Жаңалықтар

Жұлдыз Әбдукәрімованың театрдағы рөлі сынға ұшырады

Жұлдыз Әбдукәрімованың театрдағы рөлі сынға ұшырады
Фото: Видеодан кадр 10.07.2023 12:05 14161

Әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдукәрімованың театрдағы кезекті рөлге сынға ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Түркістан музыкалық драма театрының сахнасында «Махаббат мұнарасы» спектаклінде ойнаған. Қойылымда жас актермен сезімге ерік беретін сәті болады. Бұл желі қолданушыларына ұнамай қалды. Жұрт отбасылы әйелдің денесіне қол жүгірткен жас актерді де, осы рөлге келіскен Жұлдыз Әбдукәрімованы да сынап тастады. 

 «Отбасылы әйел емес пе? Ұят екен», «Әйелің әртіс болмасын деген осы екен ғой», «Түсінемін, рөл сондай. Бірақ бала-шағасы боп мың жерден актриса болсам бұлай істей алмас едім», «Қандай күшті, осындай қойылымға барғым келеді», «Әдемі билейді екен», «Қайрат қалай рұқсат берді екен?», «Өнер адамы болу қиын негізі», - деген пікірлер жазылған.

Оқи отырыңыздар:

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға