Жаңалықтар

Жұлдыз Әбдукәрімова бақытты қайдан табуға болатынын айтты

Жұлдыз Әбдукәрімова бақытты қайдан табуға болатынын айтты
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial 21.09.2024 22:07 921

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова оқырмандарына бақытты қайдан табуға болатынын айтып, өз кеңесімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Отандық хитмен Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова желі парақшасында өз өмірінен түйгені туралы әсерлі жазба қалдырды. Онда актриса мақсаты - бақытты болу екенін атап өткен.

Мына қарбалас заманда қалай бәріне үлгеруге болады? Өмірімде бірнеше бағытты қатар алып жүруге тура келеді. Ол - үй шаруасы, бала тәрбиесі, өз шығармашылығым (театр, кино, блог жүргізу), басқа да кәсібім демекші… Бәрі маңызды сияқты. Десе де, «Мен үшін ең маңыздысы қайсы?» деген ой, соңғы кездері маза бермейді. Сөйтсем, ең маңызы - өзім екенмін. Бәріне үлгеремін деп аптығу ойымда да жоқ. Мақсатым - бақытты болу. Бақытты күйде ғана өзіме, отбасыма, айналама жылулығым мен мейірімімді, махаббатым мен қамқорлығымды бере аламын,-деп жазды өнер иесі.

Бұдан өзге ол нағыз бақыт не екеніне тоқталған.

Байқағаным, бақытты айналаңнан емес, өзіңмен үйлесімде болғанда ғана табасың. Жаңа орта, жаңа қарым-қатынас, сәнді киім сені бақытты етпейді. Нағыз бақыт - жүрегіңдегі тыныштық пен еш себепсіз реңіңнің бал-бұл жайнауы,-делінген жазбада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға