Жаңалықтар

Жүлде қоры - 12 млн теңге: Астанада ат спортынан Халықтар бірлігі кубогы өтеді

Жүлде қоры - 12 млн теңге: Астанада ат спортынан Халықтар бірлігі кубогы өтеді
Фото: Астана әкімдігінің сайты 28.04.2023 19:45 946

Астанада Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай конкурдан ат спорты бойынша Халықтар бірлігі кубогының Гран-приі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздің Алматы, Астана, Қарағанды қаларымен қатар Алматы облысынан шалт қимылдайтын шабандоздарымыз 1-2 мамыр күндері «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде кіл мықтыларды анықтайды.

Көсіле шабатын сәйгүліктеріміз биіктігі мен күрделілігіне орай сайыстың 6 бағдары бойынша сынға түседі.

Жарыс кестесі:

01.05.2023 ж.
Бірінші санат - «4 жастағы жас жылқылар жарысы, 90 см-ге дейін»
Екінші санат - «5 жастағы жас жылқылар жарысы, 110 см-ге дейін»
Төртінші санат - «Әуесқойлар санаты, 100 см»

02.05.2023 ж.
Үшінші санат - «6 жастағы жас жылқылар жарысы, 120 см-ге дейін»
Бесінші санат - «12-15 жастағы балалар санаты, 110 см»
Алтыншы санат - «Халықтар бірлігі кубогына арналған Гран-при, 130 см»

Жарыстың жалпы жүлде қоры - 12 миллион теңге.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға