Жүкті әйелді ұрған жоғары шенді полицей жұмыстан қуылды

Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
27.02.2024 09:56
1839
Павлодарда қол астындағы жүкті қызметкермен болған жанжалдан кейін полиция департаменті бастығының орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ПД мәліметінше, ол өз әрекетімен құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтіріп, қызметінен қалпына келтіру құқығынсыз босатылды.
Павлодар қаласы ҚПП Орталық полиция басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарынан қызметінен босатылды", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Қызметтік тергеу аяқталып, тиісті шаралар қабылданған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мектеп оқулықтарының мазмұнын талқылауға қатысыңыз – министрлік
Келесі жаңалық
Өскеменде автобус рельс үстінде тоқтап қалды