Жүк көлігінен түйе секіріп кетті: Бейнеулік көлік жүргізушісіне айыппұл салынды

Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
01.02.2025 11:45
1682
Әлеуметтік желіде жүк көлігінен түйенің секіріп кеткені кеңінен таралған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Жаңаөзен қаласында болған.
Бұл көріністі артынан ілесіп келе жатырған автокөліктің жолаушысы ұялы телефонға түсіріп алған. Әлеуметтік желіде бір күн бойы қызу талқыға түскен. Жануардың жағдайына алаңдаған желі қолданушылары бейқам жүргізушінің әрекетіне шүйлікті.
Бұл оқиға полиция инспекторларының назарынан тыс қалмады.
Жаңаөзендегі Асау барақ көшесінің бойында болған жағдайға қатысты Бейнеуден келген жүргізушіге хаттама толтырылып, көлігі айыптұраққа жабылды, деп мәлімдеді Жаңаөзен қалалық полициясы.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
IT маман: ЖИ-дің мүмкіндігін жартылай ғана пайдаланып жүрміз
Келесі жаңалық
Оқушылар «Геотактика» виртуалды полигонында сайысқа түсті