Жаңалықтар

Жұбанов университетінің студенті Норвегияда өтетін фестивальге қатысады

Жұбанов университетінің студенті Норвегияда өтетін фестивальге  қатысады
Фото: gov.kz 07.02.2023 19:01 1633

Жұбанов университетінің студенті Норвегияда өтетін фестивальге Қазақстан атынан қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Меруерт Өтембет Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Шетел тілі:екі шетел тілі» мамандығы бойынша 4 курста оқиды. Болашақ филолог елімізді Норвегияда 9-19 ақпан аралығында өтетін ISFiT Халықаралық студенттер фестивалінде таныстыратын болады.

Айта кету керек, бұл жылына екі рет өткізілетін барлық мамандықтағы студенттерге арналған әлемдегі ең үлкен тақырыптық студенттер фестивалі.

Осы жылы ISFiT командасы 3000 үміткердің ішінен қатысушыларды мұқият іріктеді. Іріктеуден өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен келген 400-ге жуық студент Норвегияның Тронхейм қаласында кездесіп, бірегей халықаралық тәжірибе жинайды. Екі апта ішінде студенттер диалог алаңдарында жаһандық мәселелерді талқылап, шешімдерін іздейді.

Бұл фестивальдің тақырыбы: «Мәдени және әлеуметтік поляризация». Фестиваль тақырыбы әр жылдары өзгеріп отырады, бірақ халықаралық күн тәртібінің әлеуметтік және саяси аспектілерімен байланысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға