ЖСДП Мәжіліске өткен депутаттардың тізімін таныстырды
![ЖСДП Мәжіліске өткен депутаттардың тізімін таныстырды ЖСДП Мәжіліске өткен депутаттардың тізімін таныстырды](/storage/storage/element/2023/03/28/mainphoto/43222/1200xauto_i89iLs5y52OF7w6267ig1sBXQK1AmUpqOpgpf5T6.jpg)
Фото: instagram.com/osdp.kz
Фото: instagram.com/osdp.kz
28.03.2023 11:02
1347
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Парламент Мәжілісіне өткен депутаттардың тізімін таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
19 наурызда өткен сайлауда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді. Осы орайда бұл партияға 4 мандат тиесілі болды.
Партияның саяси кеңесінің шешімі бойынша тізімге мына адамдар енді:
- Нұрлан Әуесбаев;
- Асхат Рахымжанов;
- Ажар Сағандықова;
- Наурыз Сайлаубай.
«ЖСДП-ның партиялық тізімі 19 кандидаттан тұрғанын атап өтеміз. Олардың бәрі кандидаттарға қатысты ҚР заңнамасы талаптарына сай келеді»,-делінген партияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандағы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 19% артқан