Жойқын жер сілкінісі болған Мароккода қанша қазақстандық тұрады? СІМ жауап берді

Фото: twitter.com/WasimZia14
Фото: twitter.com/WasimZia14
12.09.2023 16:01
1054
Сыртқы істер министрлігі осыдан бірер күн бұрын жойқын зілзала болған Мароккода қанша қазақстандық тұратынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізде болса, жер сілкінісінен 3 мыңға жуық адам қайтыс болды.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Мароккода Қазақстанның 30-дан астам азаматы тұрады.
Мароккода өз елшілігіміз бар. Онда елшілік қызметкерлері мен өзге де қазақстандықтарды қосқанда 30-дан астам адам тұрады. Оларға ештеңе болған жоқ, бәрі жақсы. Хабарласып жатырмыз. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, - деді Смадияров.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Баян Алагөзова мектепте хиджаб киюге қатысты пікір білдірді
Келесі жаңалық
Қостанай облысы бірнеше көлік қар құрсауында қалды