Жаңалықтар

Жошы ұлысына 800 жыл: Олжас Бектенов Ұлытау облысындағы тарихи-мәдени кешенде болды

Жошы ұлысына 800 жыл: Олжас Бектенов Ұлытау облысындағы тарихи-мәдени кешенде болды
Фото: Үкімет 23.08.2024 12:37 447

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2021 жылы салынған «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толды.

Олжас Бектенов кесене маңында орналасқан тарихи-мәдени кешеннің жай-күйімен танысты, онда Жошы хан ескерткіші, шатырлы қалашық және туристерге арналған қонақ үй бар.

Жошы ұлысына 800 жыл: Олжас Бектенов Ұлытау облысындағы тарихи-мәдени кешенде болды

Кешен Алтын Орданың 750 жылдығы аясында Президенттің тапсырмасы бойынша салынған. Нысан ашылғалы бері еліміздің өңірлерінен, алыс және жақын шетелдерден 35 мыңнан астам турист келген.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Жошы ұлысы Қазақстанның мемлекеттігі тарихында маңызды орын алатынын атап өтті. Кешеннің маңыздылығын ескере отырып инфрақұрылымды одан әрі дамыту және туристік әлеуетті жақсарту үшін барлық шараларды қабылдау қажет, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға