Жаңалықтар

ЖОО-ларды жөндеуге жұмсалатын қаржыны дұрыс қарастыру қажет – Айбек Күмісбеков

ЖОО-ларды жөндеуге жұмсалатын қаржыны дұрыс қарастыру қажет – Айбек Күмісбеков
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 26.06.2023 12:55 993

VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жанындағы қоғамдық палатаның отырысы өтіп жатыр. Палата мүшелері «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасын талқылауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Заңды талқылау барысында палата мүшесі Айбек Күмісбеков биыл жоғары оқу орындарын жөндеуге және жатақхана салуға мемлекеттік сатып алу аясында қаржыны дұрыс қарастыруды ұсынды.

Университеттерді осы заңның мемлекеттік сатып алу жобасынан шығаруды ұсынамын. Ол жерде бюджеттен тыс қорлар туралы жазылған, бірақ мен мұның бәрін кеңірек жасауды ұсынамын. Өйткені қазір университеттерде директорлар кеңесі және ішкі аудит қызметтері бар. Олар жыл сайын сыртқы аудит жүргізеді және сыртқы білім беру аудитін өткізеді. Осы аудиттің құрамында тәуелсіз директорлар бар, тексеру комиссиялары құрылған, яғни университет ішінде осы процедуралардың барлығы бар және олар тұрақты түрде жүргізіледі, - деп атап өтті палата мүшесі.

Ол еліміздегі жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесу өткізіп, мемлекеттік сатып алу мәселесін қарастырғанын айтты.

Өткен аптада біз университет өкілдерімен кездесу өткіздік, бұл шынымен де өте күрделі мәселе және олар зертханаларға ғылыми жабдықтар сатып алу, жөндеу жұмыстарын жүргізу және жеке баспаханалардың полиграфиялық өндірісі үшін құрал-жабдықтарды сатып алу мәселелерін талқылады. Айталық, университеттерде өте қымбат полиграфиялық жабдықтар бар, бірақ мемлекеттік сатып алудың бір бөлігі ретінде осы жабдыққа қызмет көрсетуге қажетті талаптар мен шығын материалдары жоқ жеткізушілер келеді. Құрал-жабдықтар істен шығады, бос тұрып қалады, баспа өнімдерін өндіруге арналған шикізат және сол сияқтылар бар, яғни біз корпоративтік басқаруды дамыту, академиялық еркіндікті дамыту туралы айтып отырмыз. Сонымен бірге біз оларға академиялық еркіндік бере отырып, қаржылық жағынан тиімділікті сақтаймыз, - деп түсіндірді Айбек Күмісбеков.

Сонымен қатар ол биыл жоғары оқу орындарына және жатақханалардың жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаржы аясында мемлекеттік сатып алушылар сапаға аса мән бермеуі мүмкін. Сондықтан осы күннен бастап жағдайды толық бақылауға алуды ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға