ЖОО-лар оқу бағдарламаларына жасанды интеллект енгізу бойынша жоспарларын ұсынды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
28.05.2024 04:20
585
Техникалық жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларына жасанды интеллектіні интеграциялау бойынша жоспарларын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
22-24 мамыр аралығында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен білім беруде жасанды интеллект құралдарын қолдану, IT-кадрларды даярлау және ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗТКЖ) мәселелері бойынша еліміздің техникалық жоғары оқу орындарымен бірқатар тыңдаулар өткізілді.
Кездесу барысында университет өкілдері студенттер мен оқытушыларды жасанды интеллект заманауи әдістері мен технологияларына оқытуға бағытталған курстар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу бойынша өз жоспарларын ұсынды. Сондай-ақ, білім берудің тиімділігін арттыру және елдің инновациялық әлеуетін арттыру мақсатында жасанды интеллектті оқу бағдарламалары мен зерттеу қызметіне интеграциялау мәселелеріне назар аударылды.
Қазақстан-Британ техникалық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Д. Серікбаев атындағы ШығысҚазақстан техникалық университеті сияқты университеттердің отандық IT-кадрларды даярлаужәне білім беруде ЖИ-құралдарын қолдану тәжірибесі ерекше атап өтілді,-делінген министрлік мәліметінде.
Вице-министр университеттердің жасанды интеллект саласында кадрлар даярлау және білім мен ғылымның түрлі салаларында ЖИ құралдарын қолдану жөніндегі белсенді жұмысының маңыздылығын атап өтті. Бұл инновациялық экожүйені дамытуға және Қазақстанның білім беру секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы мешіттерінде намаз кезінде ұрлық жасаған жігіт сотталды
Келесі жаңалық
Павлодар облысында әпкесі мен інісі зорланған