Жолға бөлінген қаржыны жымқырған шенеунік қамауға алынды

Жетісу облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген күдікпен «Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысының бұрынғы орынбасарын ұстады, Еl.kz ақпарат агенттігі.
Экс-шенеунік уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол Кербұлақ ауданы Малайсары ауылының кіреберіс автожолында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өзінің қызметтік жағдайын теріс пайдаланды деген күдікке ілінген.
Оқи отырыңыз:
- Каспий теңізіне үрмелі матраспен шығып, жоғалған үш қыз іздестіріліп жатыр
- Атырауда тәртіп сақшыларына бағынбаған 5 жігіт қамауға алынды
«Мемлекетке 37 миллион теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілді. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда.
