Жолдауда адами капитал мәселесі дөп көтерілді – экономист
МТҚБ «Парламентаризм институты» ШЖҚ РМК директоры Қанатбек Сафинов жолдаудағы маңызды мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жолдауда бірнеше өзекті мәселе көтерілді. Менің ойымша, көтерілген ең маңызды мәселелер – аграрлық сектор, өнеркәсіпті дамыту, адами капиталға маңыз беру. Біздің еңбек нарығында мәселелер бар. Жолдауда осыны шешу көтерілді. Оның мақсаты – бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау. Сондай-ақ сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Еңбек ортасын цифрландыруға, автоматтандыруға назар аударылатын болады, - деді ол.
Сарапшы сондай-ақ жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесінің де жолдауда дөп көтерілгенін айтты.
Елімізде демографиялық өсімнің артып жатқанын ескерсек, мұндай проблеманың неден туындағаны да түсінікті. Урбанизация процесі жалғасып жатыр. Біздің болжамымызша, 2029 жылы экономикалық белсенді халықтың саны 9,6 миллионға жетеді, - деді ол.