Жолда тұрып қалған тәжікстандық 7 азамат құтқарылды
![Жолда тұрып қалған тәжікстандық 7 азамат құтқарылды Жолда тұрып қалған тәжікстандық 7 азамат құтқарылды](/storage/storage/element/2025/01/01/mainphoto/136265/1200xauto_3hscxQquRPjG9RSY2yqcIkNmPc3bipKUAxLxz7YJ.jpg)
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
01.01.2025 19:26
804
Ақтөбе облысы Хромтау қаласынан 20 шақырым жерде «Донское-Бадамша» автожолының 27 шақырымында минивен көлігі қар үйіндісіне тұрып қалған. Соның салдарынан көлік орнынан қозғала алмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жүргізуші 112 пультіне хабарласып, көмек сұраған. Көлік ішінде Тәжікстанның 7 азаматы болған.
Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, жоғары өтімді техниканың көмегімен ішінде бар көлікті сүйреп шығарды.
Шетелдіктерге медициналық көмек қажет болмаған. Өз кезегінде олар қазақстандық құтқарушыларға алғыстарын білдірді.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)