Жолаушылар рейстеріне авиациялық керосин сатылмайды
Фото: inastana.kz
Фото: inastana.kz
29.08.2022 18:17
1109
Елорда әуежайы жолаушылар рейстеріне авиациялық керосин сатпайды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ жергілікті және шетелдік тасымалдаушыларға аэродром мен жерүсті қызметтерін көрсетеді. Сонымен қатар, әуе жанар-жағар майын сатады. Бұл ретте әуежайдың жолаушылар рейстерін керосинмен қамтамасыз ету үлесі 3 пайызға да жетпейді. Әуежай жүк және санаулы чартерлік рейстерге ғана авиациялық керосин сатады. Негізгі әуе компаниялары (Air Astana, Scat және басқалары) өздерінің авиациялық керосиндерін құяды», - деп атап өтеді елорда әуежайының баспасөз қызметінен.
Таратылған ақпаратқа сәйкес, әуе билеті бағасының қалыптасуы әуежайдың құзіретіне кірмейді. Бұл ақпаратты ұшақтарына өздерінің авиациялық керосинін құятын әуе компаниялары ғана бере алады. Әуежай жолаушылар рейстеріне авиациялық керосин сатпайтындықтан, сатылған билеттердің құнына әуежайдың басқа рейстерге сатқан керосин бағасы еш әсер етпейді.
Бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті астана әуежайы жанармай сататын кезде әртүрлі баға белгілеп, бәсекелестік заңнамасын бұзғанын хабарлаған еді.
Бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті астана әуежайы жанармай сататын кезде әртүрлі баға белгілеп, бәсекелестік заңнамасын бұзғанын хабарлаған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Павлодарда танысын пышақтаған азамат сотталды