Жаңалықтар

Жолаушылар пойыздарын тексеру кезінде міндеттемелерді  бұзудың 284 фактісі анықталды

Жолаушылар пойыздарын тексеру кезінде міндеттемелерді  бұзудың 284 фактісі анықталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 30.07.2024 04:47 555

Көлік министрлігі темір жолдар және су көлігі комитетінің қызметкерлері жолаушыларды тасымалдау қағидалары нормаларын сақтау бойынша әлеуметтік маңызы бар бағыттарда қатынайтын жолаушылар пойыздарын тексерді. Тексеру нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жүретін жолаушылар пойыздарында 284 міндеттемелерді бұзушылық анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жауаптылар Астана-Алматы, Қызылорда-Петропавл, Астана-Шымкент, Қызылорда-Павлодар, Қызылорда-Көкшетау, Алматы-Жезқазған, Алматы-Саратов және т.б. әлеуметтік маңыздағы 20-дан астам жолаушылар пойызын тексерген.

Тексеріс барысында жолаушылар вагондарының ішкі және сыртқы келбетінің нормаға сай келмеуі, вагондарда кондиционерлердің болмауы және ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасамау, санитарлық-техникалық жағдайдың сақталмауы және т.б. фактілері тіркелді.

Айыппұлдардың жалпы құны 10 млн теңгеден асқан. Айыппұлдар Ұлттық тасымалдаушыға да, жеке тасымалдаушыларға да салынады. Тасымалдаушыларға 10 күн ішінде анықталған келісім міндеттемелерін бұзушылықтарды жою және оларды одан әрі болдырмау жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды,-деп атап өтті министрліктен. 

Айта кетейік, елімізде 110 тұрақты әлеуметтік маңызы бар бағыт бойынша пойыздар қатынайды. Жаздың соңына дейін комитет қызметкерлері қалған жолаушылар пойыздарын кестеге сәйкес тексереді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға