Жаңалықтар

Жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне қойылатын талаптар күшейтіледі

Жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне қойылатын талаптар күшейтіледі
Фото: ortcom.kz 14.11.2024 13:00 306

Келесі жылдан бастап жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне қойылатын талаптар күшейтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, Көлік министрлігімен бірлесіп, автотасымал түрін жүзеге асыру үшін өз бағдарламаларын ұсынатын компаниялармен меморандумдар жасалды.

Меморандум аясында жүргізушілерге, еңбек және демалыс режимін сақтауына, медициналық тексеруден өтуіне, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне қойылатын талаптар күшейтіледі. Интернет-агрегаторлар осы кезде қосымшаларының жұмысын пысықтап жатыр, ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап интернет-агрегатордың иелері жеке тасымалдаушы ретінде тіркелген жеке тұлғаларға ғана тапсырыстар беретін болады, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Өз кезегінде жеке тасымалдаушылар күнделікті рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеруден өтуге; автокөлікті күнделікті техникалық байқаудан өткізуге; сол жақтан басқаратын техникалық жарамды автокөліктерді пайдалануға; жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауға міндетті болады.

Көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда интернет-агрегаторлардың иелері жеке тасымалдаушыға тапсырыс бермеуге міндетті болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға