Жаңалықтар

Жолаушы тасымалдайтын такси аударылып, төрт адам ажал құшты

Жолаушы тасымалдайтын такси аударылып, төрт адам ажал құшты
Фото: Ақмола облыстық ПД 06.06.2024 15:22 4775

Ақтөбе-Орск тасжолында жеңіл көлік аударылып, төрт жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Оқиға 5 маусым күні сағат сағат 15:00 шамасында болды. Ақтөбе-Орск арасында жолаушылар тасымалдайтын Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі Қарғалы ауданы Ащылысай ауылы маңында аударылып қалды. Оқиға салдарынан төрт адам мерт болып, бір адам ауруханаға түсті.

Автокөлік жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ресей Федерациясының Орск қаласына жолаушылар тасымалдайтыны анықталған.

Жол-көлік оқиғасынан бірнеше сағат бұрын полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін түсіндірме жұмысын жүргізген. Бірақ жүргізуші полицейлердің ескертуіне елемеген.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға